Байланыс ақпарат
Cайттың картасы
KMG logo
«Лучший по профессии - 2017»
Өндірістік көрсеткіштер
Мұнай және газ конденсаты 1,96 млн. тонн
Газ 0,43 млрд3
Қантар
  • 1957
  • 432
Мұнай (млн. тонн) Газ (млн. м3)
Мұнай 4,93 млн. тонн (жермен)
0,46 млн. тонн (теңізбен)
Газ 9,75 млрд3
Қантар
  • 4927
  • 455
  • 9747
Мұнайды тасымалдау (мың. тонн (жермен)) Мұнайды тасымалдау (мың. тонн(теңізбен)) Газды тасымалдау (мың. тонн)
Қайта өндеу (жинақталған) 1 146 мың. тонн
АНӨЗ 283 мың. тонн
ПКОП 162 мың. тонн
KazMunayGas International N.V. 381 мың. тонн
ПНХЗ 320 мың. тонн
Қантар
  • 283
  • 162
  • 381
  • 320
АНӨЗ (мың. тонн) ПКОП (мың. тонн) KazMunayGas International N.V. (мың. тонн) ПНХЗ (мың. тонн)
ai80 89 тг.  
ai93 118 тг.  
ai95 138 тг.  
ai98 146 тг.  
dt 99 тг.  
2016 ж. (қаңтар)

Реттеуші ортасына шолу

«Қазмұнайгаз» ҰҚ»АҚ реттеуші ортасына шолу

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ (бұдан әрі - ҚМГ) еліміздің экономикасының мұнайгаз секторындағы Қазақстан Республикасының мүдделерін қамтамасыз ету әрі қорғау деңгейін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 20 ақпандағы №811 Жарлығына сәйкес«Қазақойл» ұлттық мұнайгаз компаниясы» мен «Мұнай және газ көлігі» ұлттық компаниясы» жабық акционерлік қоғамдарын біріктіру арқылы құрылған.

ҚМГ қызметінің негізгі мәні былай белгіленген:

  • мұнайгаз саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу
  • республиканың мұнайгаз ресурстарының тиімді әрі ұтымды игерілуін қамтамасыз ету
  • мұнай-газ ресурстарын пайдалану,ұдайы жаңғырту және ары қарай өсіру стратегиясын әзірлеуге қатысу
  • Келісімшарттарға міндетті түрде үлестік қатысу арқылы мұнайгаз операцияларын жүзеге асыратын мердігерлермен келісімшарттарда мемлекеттік мүдделерді заңнамада белгіленген тәртіппен ұсыну. Аталған тәртіп Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 10 ақпандағы №122 қаулысымен бекітілген Ұлттық компанияның үлестік қатысуы көзделетін келісімшарттарда ұлттық компанияның мемлекеттік мүдделерді білдіру қағидасымен реттеледі
  • Қазақстан Республикасының аумағында мұнайгаз операцияларына арналған конкурстарды ұйымдастыруға қатысу
  • көмірсутектерді барлау, игеру, өндіру, қайта өңдеу, сату, тасымалдау, мұнайгаз құбырын және мұнайгаз өнеркәсібі инфрақұрылымын жобалау, салу, пайдалану мәселелері бойынша корпоративтік басқару және мониторинг жүргізу;
  • мұнайгаз операцияларын жүзеге асыру бойынша Қазақстан Республикасының ішкі және халықаралық жобаларына заңнамамен белгіленген тәртіпте қатысу.

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі мұнайгаз, мұнайгазхимия өнеркәсібі, көмірсутекті шикізатты тасымалдау, мұнай өнімдері өндірісін, газ өндірісін газбен жабдықтауды, магистральдық құбыр жолынмемлекеттік реттеу саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыруды және іске асыруды, басқару процесін үйлестіруді жүзеге асыратынҚазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі туралы ереже Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі №994 қаулысымен бекітілген.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 02 сәуірдегі №390 қаулысымен ҚМГ-ға магистральдық құбыр жолдары бойынша тасымалдаумен байланысты мұнайгазкөлік инфрақұрылымының объектілерін жоспарлау, жобалау, салу мәселелері бойынша,ары қарай мұнай мен газды сақтау, көліктің басқа түрлеріне ауыстырып тиеу, сондай-ақ мұнайгазкөлік инфрақұрылымының қолданыстағы объектілерін пайдалану мәселелері бойынша құрылыс қызметі саласындағы реттеуді жүзеге асыру бойынша Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрлігінің жұмысшы органының функциялары жүктелген.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 қазандағы №1072 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында мұнайгаз секторын дамыту бойынша2010-2014 жылдарға арналған бағдарламаны іске асыруда ҚМГ-ға маңызды роль бөлінген, оның міндеттері төмендегідей:

  • мұнай және газ конденсатын өндіру әрі экспорттау бойынша белгіленген көрсеткіштерді орындау
  • Ішкі рыноктың мұнай өнімдеріне және газға сұранысын қанағаттандыруды қамтамасыз ету
  • көмірсутектердің барланған қорларының өсімін қамтамасыз ету және өндіру деңгейін тұрақты жоғары деңгейге шығару
  • отандық көмірсутек шикізатын (мұнай/газ) өңдеу тереңдігін және көлемдерін өсіру
  • мұнай мен газды тасымалдаудың экспорттық маршруттарын әртараптандыру
  • саланың техникалық реттеу нормаларын үндестіру
  • мұнайгаз компанияларындағы қазақстандық мазмұнның деңгейін өсіру
  • мұнайгаз саласының жаңа өндірістері үшін барлық деңгейлердегі мамандарды дайындау
  • еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоршаған ортаға теріс әсерді кеміту

Одан басқа, ҚМГ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 мамырдағы №567 қаулысымен бекітілген мұнайгаз секторын дамыту бойынша 2010-2014 жылдарға арналған кешенді жоспарда көзделген бірқатар іс-шаралардың орындаушысы болып табылады.

ҚМГ қызметін реттейтін негізгі заңнамалық актілер мыналар болып табылады:

Сатып алу «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің өзгертулер мен толықтырулармен 2017 жылғы 17 маусымдағы №140 шешімімен бекітілген «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы меншік немесе сенімгерлікпен басқару құқығында «Самұрық-Қазына» АҚ-қа тікелей немесе жанама тиесілі ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу қағидасына сәйкес жүзеге асырылады.


  • Ақорда ресми сайты
  • Cuba
  • Cuba
  • Cuba
  • ban6
  • Cuba
  • Cuba
  • Cuba
  • ban6
  • privatization.sk.kz
  • ban6
  • ban6
  • ban6
  • ban6
  • ban6
© «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ, 2014