Байланыс ақпарат
Cайттың картасы
KMG logo
«Лучший по профессии - 2017»
Қаржылық есептер

Компания аралық, шоғырландырылған және жылдық есептерді үнемі жариялап тұрады.

Жаңа құжаттарды көру

Өндірістік көрсеткіштер
Мұнай және газ конденсаты 1,96 млн. тонн
Газ 0,43 млрд3
Қантар
  • 1957
  • 432
Мұнай (млн. тонн) Газ (млн. м3)
Мұнай 4,93 млн. тонн (жермен)
0,46 млн. тонн (теңізбен)
Газ 9,75 млрд3
Қантар
  • 4927
  • 455
  • 9747
Мұнайды тасымалдау (мың. тонн (жермен)) Мұнайды тасымалдау (мың. тонн(теңізбен)) Газды тасымалдау (мың. тонн)
Қайта өндеу (жинақталған) 1 146 мың. тонн
АНӨЗ 283 мың. тонн
ПКОП 162 мың. тонн
KazMunayGas International N.V. 381 мың. тонн
ПНХЗ 320 мың. тонн
Қантар
  • 283
  • 162
  • 381
  • 320
АНӨЗ (мың. тонн) ПКОП (мың. тонн) KazMunayGas International N.V. (мың. тонн) ПНХЗ (мың. тонн)
ai80 89 тг.  
ai93 118 тг.  
ai95 138 тг.  
ai98 146 тг.  
dt 99 тг.  
2016 ж. (қаңтар)

Халықаралық ынтымақтастық

Барлау және өндіру бойынша жобалар

«Хвалынское» жобасы

Хвалынское кен орны аумақтық жағынан «ЛУКОЙЛ-Нижневолжскнефть» ЖШҚ лицензиялық учаскесі орналасқан (22.01.03 жылдан №11386 ШКС лицензия) Каспий теңізінің солтүстік айдынына жатады. Жақын жердегі ресейлік жағалау учаскесіне дейінгі арақашықтық 100-200 км құрайды.

«Хвалынское» жобасы 2002 жылдың 13 мамырдағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 1998 жылдың 6 шілдесіндегі жер қойнауын пайдалануға егемендік құқығын жүзеге асыру мақсатында Каспий теңізінің солтүстік бөлігінің түбін шекаралау туралы Келісімге Хаттамаға сәйкес жүзеге асырылады. Осы құжатпен жоба бойынша жер қойнауын пайдалану Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады деп анықталған.

Қазақстандық тараптың жобаға байқаусыз қатысу құқығы бар. ҚР Үкіметінің 2002 жылғы 13 мамырдағы №637 Қаулысымен «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ «Хвалынское» кен орнының көмірсутекті ресурстарын барлау және шығару бойынша уәкілетті қазақстандық ұйым болып тағайындалды.

«Хвалынское» жобасы бойынша уәкілетті ұйымдар болып Қазақстан Республикасы тарапынан «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (50%) және Ресей Федерациясының тарапынан «ЛУКОЙЛ» ААҚ табылады.

2003 жылы 18 сәуірде тараптармен кен орнының мұнай-газ ресурстарын бірлесіп игеру қағидаттары туралы Келісімге қол қойылды.

2005 жылы наурызда «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және «ЛУКОЙЛ» ААҚ Ресей Федерациясында «Каспий мұнай-газ компаниясы» ЖШҚ бірлескен кәсіпорнын құру туралы құрайтай құжаттарына қол қойды.

2011 жылы 29 сәуірде Ресей Федерациясының жер қойнауын пайдалану шарттарын (МАК) әзірлеу және өнім бөлімі туралы Келісім жобасын дайындау бойынша Мекемеаралық комиссиясы құрылды.

2011 жылдан бастап Ресей Федерациясының мемлекеттік органдарымен өнім бөлімі туралы Келісімнің мәтіні бойынша келіссөздер жүргізілуде.


«Орталық» жобасы

«Орталық» жобасы ҚР және РФ арасындағы Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының уәкілетті ұйымдарының тепе-тең қатысуы көзделетін 1998 жылдың 6 шілдесіндегі жер қойнауын пайдалануға егемендік құқығын жүзеге асыру мақсатында Каспий теңізінің солтүстік бөлігінің түбін шекаралау туралы Келісімге (әрі қарай – Келісім) және оған 2002 жылғы 13 мамырдағы Хаттамаға (2006 жылғы 25 қаңтардағы өзгерістермен) сәйкес жүзеге асырылады.

«Орталық» жобасы бойынша уәкілетті ұйымдар болып «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ – 50% және «ОртКаспмұнай-газ» ЖШҚ – 50% (бірлескен кәсіпорын «Газпром» ААҚ – 50% және «ЛУКОЙЛ – 50%) болып табылады.

Қазіргі уақытта тараптармен оған сәйкес Уәкілетті ұйымдар «Орталық» кен орнын алдын ала барлауға лицензия алатын (лицензияның әрекет ету мерзімінің ӨБК-ге отыру сәтіне дейін шектелуімен) Мемлекетаралық Келісімге өзгерістер енгізу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.


«Құрманғазы» жобасы

Құрманғазы құрылымы Каспий теңізінің қазақстандық секторында орналасқан. Қазақстан Республикасы (әрі қарай – ҚР) мен Ресей Федерациясы (әрі қарай – РФ) арасындағы 06.07.1998 жылғы Каспий теңізінің солтүстік бөлігінің түбін шекаралау туралы Келісімге және оған 13.05.2002 жылғы Хаттамаға (2006 жылғы 25 қаңтардағы өзгерістермен) сәйкес «Құрманғазы» жобасы ҚР және РФ-мен бірлесіп жүзеге асырылады. «Құрманғазы» жобасы бойынша өнім бөлімі туралы №1787 Келісім (әрі қарай – ӨБК) 2005 жылы 6 шілдеде жасалды.

Жобаға қатысушылар – «ҚазМұнайТеңіз» КҰК ЖШС – 50% (үлестес компания «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ) және «РН-Эксплорейшн» ЖШҚ – 50% (үлестес компания «Ресмұнай» ҰК ААҚ).

2014 жылдың 3 желтоқсанында ҚР және РФ арасындағы ынтымақтастық бойынша Үкіметаралық комиссия жобаның 13.05.2002 жылғы Хаттамасына өзгерістер енгізу туралы мәмілені аяқтауды және Келісім-шарттық аумақтың ауданының өзгерісін есепке алумен, Барлау мерзімін 4 жылға дейін ұзарту мүмкіндігімен ӨБК-не сәйкес қосымша келісімнің күшіне енген уақытынан бастап ұзақтығы 6 жыл болатын Барлау мерзімін бекітумен, жобаның 06.07.1998 ж. ӨБК шеңберінде жүзеге асуын қамтамасыз ету үшін оған 2015 жылдың бірінші жарты жылдығында қол қойылуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Ресей тарапымен бірлесіп «Құрманғазы» жобасын жүзеге асыруды жалғастыру мақсатында ҚР және РФ арасындағы ынтымақтастық бойынша Үкіметаралық комиссияның 03.12.2014 жылғы тапсырмасын орындауды қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Жеңіс және I-P-2 теңіз блоктарын істеу

Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясының елбасыларының кездесуі барысында берілген тапсырмаларды орындау үшін, 2012 жылдың 16 мамырында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және «ЛУКОЙЛ» ААҚ арасында Каспий теңізінің қайраңындағы ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік туралы Меморандум жасалды.

Берілген Меморандумды жүзеге асыру шеңберінде және Мемлекет басшысының 2013 жылдың 4 ақпанындағы тапсырмасына сәйкес «Жеңіс» және «I-P-2» блоктары анықталды.

2015 жылдың 4 маусымында ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік туралы Меморандум жасалды. Меморандумның әрекет ету мерзімі ішінде Тараптар бірлескен келіссөздер және салықтық жеңілдіктер алу мүмкіндігі бойынша жұмыстар жүргізеді.

Тараптар жобаны жүзеге асыруға қатысты негізгі коммерциялық, техникалық және келісім-шарттық шарттар бойынша эксклюзивті келіссөздер өткізеді. Қазіргі кезде тараптармен жобалардың технико-экономикалық параметрлері келісілген.


Жеңіс және I-P-2 теңіз блоктарын әзірлеу

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы Басшыларының кездесуі барысында берілген тапсырмаларды орындау үшін 2012 жылғы 16 мамырда «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және «ЛУКОЙЛ» ААҚ арасында Каспий теңізі қайраңындағы ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды.

Осы Меморандумды іске асыру шеңберінде және 2013 жылғы 4 ақпандағы Елбасы тапсырмасына сәйкес «Женис» және «I-P-2» блоктары анықталды.

2015 жылғы 4 маусымда ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік Меморандумына қол қойылды. Меморандумның әрекет ету мерзімі ағымында Тараптар бірлескен келіссөздер және салық жеңілдіктерін алу мүмкіндігі бойынша жұмыс жүргізеді.

Тараптар жобаны іске асыруға қатысты негізгі коммерциялық, техникалық және келісім- шарттық жағдайлар бойынша эксклюзивті келіссөздер жүргізеді. Қазіргі уақытта тараптар жобалардың техникалық-экономикалық параметрлерін келісуде.


«Мұғалжар» жобасы

2015 жылдың 14 сәуірінде Ақтөбе облысындағы «Мұғалжар» учаскесінде мүмкін болатын мұнай-газ кендерін бірлесіп барлауға қатысты «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және «Тоталь» француз компаниясының арасында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды.

Меморандумға сәйкес ҚМГ және Тоталь «Мұғалжар» учаскесін бірлескен қызметті жүзеге асыру үшін келешекті учаске деп таниды. ҚМГ және Тоталь Болжанатын мәмілеге, жер қойнауын пайдалану Келісім-шартында 50% қатысу үлесін алуға қатысты эксклюзивті келіссөздер жүргізуге ниетті.

Осы меморандумның әрекет ету мерзімі ішінде тараптар ынтымақтастықтың негізгі қағидаттары, сонымен қатар «Мұғалжар» жобасының коммерциялық, техникалық және келісім-шарттық шарттары бойынша келіссөздер жүргізеді.

«Мұғалжар» учаскесі Ақтөбе облысында орналасқан.

«Мұғалжар» учаскесі Каспий маңы бассейнінің шығыс борттық аймағына ұштастырылған.

Келешекті учаскенің айданы 12 589 ш.км.

Қазіргі уақытта тараптар ынтымақтастықтың негізгі шарттарын және болжанатын мәміленің механизмдерін талқылап жатыр.


«Исатай» жобасы

2014 жылдың 16 мамырында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және «ENI» итальяндық компаниясы арасында «Исатай» жобасының қағидаттары туралы Келісім жасалды.

2014 жылдың 30 маусымында ҚР Мұнай және газ Министрлігі және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ арасында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-на қосарлы барлау және өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын беру туралы шешіммен тікелей келіссөздер Хаттамасына қол қойылды.

2015 жылдың 5 ақпанында ҚР Үкіметімен Исатай учаскесі үшін «Қосарлы барлау және өндіруге келісім-шарт жасау туралы» қаулы қабылданды.

Қазіргі уақытта «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-мен Исатай учаскесінде қосарлы барлау және өндіруге келісім-шарттың жобасын келісу бойынша жұмыстар жүзеге асырылуда.

16.05.2014 жылғы қағидаттар туралы Келісімнің шарттарына сәйкес, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және ENI келісім-шартқа тепе-тең негізде қатысатын болады. «ENI» компаниясы атынан шығатын стратегиялық серіктес барлау тәуекелін өзіне артады, сонымен бірге барлау кезеңінде, коммерциялық табылымға дейін жобаның жүзеге асырылуын қаржыландыратын болады.


«Жамбыл» жобасы

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Корей Консорциумымен бірге екі жақты ынтымақтастықты дамыту бойынша жұмыстар жүргізеді.

2005-2007 ж. ішінде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және Корей Консорциумы «Жамбыл» учаскесі бойынша көмірсутекті шикізатты барлауды жүргізуге Келісім-шарттың жобасын және бірлескен ынтымақтастық бойынша құжаттар пакетін дайындау бойынша жұмыстар жүргізді.

Жамбыл учаскесі Каспий теңізінің қазақстандық секторының солтүстік бөлігінде орналасқан.

2008 жылы 27 ақпанда барлауға Келісім-шартқа қол қойылды.

Жобаны жүзеге асыру үшін «Жамбыл Петролеум» ЖШС операторлық компаниясы құрылды.

2013 жылы Жамбыл құрылымында барлау ұңғымасын бұрғылау нәтижелері бойынша мұнайдың фонтанды ағысы алынды.

2014 жылы Жетісу құрылымында барлау ұңғымасын бұрғылау нәтижесінде мұнай және газдың ағыстары алынды.


«Сәтпаев» жобасы

Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, өнеркәсіптік, мәдени ынтымақтастық бойынша қазақ-үнді Үкіметаралық комиссиясының 2005 жылы 18 ақпанда бесінші отырысының шеңберінде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және «ONGС VideshLimited» үнді компаниясының арасында Каспий теңізінің қайраңында барлау және шығару аймағында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды.

«ONGC VideshLimited»-пен бірге жасалған берілген Меморандумның шеңберінде бірлесіп зерттеу бойынша жұмыстар жүргізілді және жұмыстар нәтижелері бойынша «Сәтпаев» учаскесі алдағы бірлескен қызметті жүзеге асыру үшін анағұрлым келешекті учаске ретінде анықталды.

Сәтпаев учаскесі КТҚС солтүстік бөлігінде, жағалаудан 90 км қашықтықта орналасқан.

2009 жылдың 24 қаңтарында Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Үндістанға мемлекеттік сапары барысында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және «OMEL» үнді компаниясының арасында «Сәтпаев» жобасы бойынша қағидаттар туралы Келісімге қол қойылды.

2010 жылдың маусымында Қазақстан Республикасының Мұнай және газ Министрлігі мен «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ арасында Сәтпаев учаскесінде барлау және өндіруді жүргізуге Келісім-шарт жасалды (2010 жылдың 15 маусымындағы №3575).

2011 жылы 12 қазанда Келісім-шартқа «ONGC VideshLimited» үнді компаниясының пайдасына жер қойнауын пайдалану құқығының 25%-ын қайта табыстауды реттейтін №1-Қосымшаға қол қойылды.

Жер қойнауын пайдаланушылар: «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ – 75%, ONGC VideshLimited – 25 %.

Оператор – «СәтпаевОперейтинг» ЖШС.


Н жобасы

«Н» жобасы 29.05.2009 жылы Н учаскесі бойынша көмірсутекті шикізатты барлау және өндіру Келісім-шарты ретінде қайта жасалған 29.12.2007 жылғы №2546 өнім бөлімі туралы Келісімге сәйкес жүзеге асырылады.

«Н» учаскесі Каспий теңізінің қазақстандық секторының оңтүстік бөлігінде орналасқан.

2009 жылы 11 маусымда «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның «КонокоФиллипс Н Блок Б.В» (АҚШ) және МДК (Ойл & Газ Н Блок Қазақстан) ГмбХ (Біріккен Араб Әмірліктері) пайдасына құқық және міндеттеменің 24,5%-ы бойынша қайта табыстау туралы Келісім-шартқа №2-Қосымшаға қол қойылды.

2013 жылы 25 қаңтарда «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және «КонокоФиллипс Петролеум Холдингз Б.В.» («КОФ») компаниясы арасында ҚМГ-дың «Н Блок Б.В.» компаниясы акциясының 100%-ын сатып алуы туралы мәміле аяқталды.

Қазіргі уақытта Келісім-шарт бойынша жер қойнауын пайдаланушылар болып табылады: «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ – 51% ; Н Блок Б. В. – 24,5%; МДК (Ойл & Газ Н Блок Қазақстан) ГмбХ – 24,5%.

Жобаның операторы – «Н Оперейтинг Компани» ЖШС.

Екі барлау және бір бағалау ұңғымасы бұрғыланды.


«Маржандар» жобасы

«Маржандар» жобасы Каспий теңізінің Қазақстандық секторын игеру бағдарламасының шеңберінде ҚР Энергетика және минералды ресурстар Министрлігі, «ҚазМұнайТеңіз» КҰК ЖШС, «Оман Перлз Компани Лимитед» және «Шелл РД ОффшорВенчурс Лимитед» арасында 2005 ж. 14 желтоқсанда жасалған №1920 ӨБК-не сәйкес жүзеге асырылады.

14.12.2005 ж. №1920 ӨБК бойынша жобаның қатысушылары болып табылады - «ҚазМұнайТеңіз» КҰК ЖШС – 25%, Шелл РД ОффшорВенчурс Лимитед – 55% (Нидерланд) және Оман Перлз Компани Лимитед – 20% (Оман Сұлтанаты).

2013 жылы 30 сәуірде ҚР Мұнай және газ Министрлігіне Хазар кен орнындағы Коммерциялық табылым туралы Хабарлама көрсетілді.

Қазіргі уақытта экономикалық шығындарды оңтайландыру мақсатында «Маржандар» және «Қаламқас-теңіз» жобаларының Операторларымен жобаларды (Синергия) бірлесіп әзірлеу мүмкіндігін зерттеу бойынша жұмыс жүргізілуде.

Қорларды және Әуезов кен орнындағы МАК ТЭН-дң есептеу бойынша Есеп жасау жұмысы жүргізіліп жатыр.


Тасымалдау бойынша жобалар

«Қазақстан – Қытай мұнай құбырының құрылысы» жобасы

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Қытай Ұлттық Мұнай-газ Корпорациясымен бірге Қазақстан – Қытай мұнай құбырын салу жобасы бойынша жұмыс жүргізді. Бірінші кезекте, Қазақстан – Қытай мұнай құбырын салу жобасы тәуелсіз Қазақстанның көмірсутектерді тасымалдаудың көпвекторлы жүйесін құру саясатын жүзеге асыру шеңберінде мұнайды тасымалдау бағыттарын әртараптандыруға бағытталған.

Қазақстан – Қытай мұнай құбырын екі кезеңмен салу жоспарлануда. Бірінші кезең құрылысы Қазақстан Республикасы Үкіметі және Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы мұнай және газ аймағындағы жан-жақты ынтымақтастықты дамыту туралы Шектелмелі келісімге сәйкес жүргізілген, Атасу – Алашанькоу мұнай құбырының жобасын жүзеге асыру болды (Бейжің қ., 17 мамыр 2004 жыл).

Мұнай құбырын салу мақсатында «ҚазТрансОйл» АҚ және мұнай және газды барлау және шығару бойынша Қытай ұлттық корпорациясы (ҚҰМК-ның еншілес компаниясы) тепе-тең негізде «Қазақ-Қытай Құбыры» ЖШС («ҚҚҚ» ЖШС) құрды.

Атасу – Алашанькоу мұнай құбыры трассасының ұзындығы 963 км құрайды. Құбырдың диаметрі – 813 мм. Бірінші кезеңдегі өткізу қабілеті жылына 20 млн. тоннаға дейін ұлғайтумен жылына 10 млн. тоннаны құрайды. Мұнай құбырының трассасы ҚХР аумағындағы Алашанькоу соңғы пунктіне дейін үш облыстың аумағы бойынша өтеді: Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Алматы облысы. Жобаны қаржыландыру қытай тарапының кепілімен қарызға қаржыландыру жолы арқылы жүзеге асырылды. Атасу – Алашанькоу мұнай құбыры бойынша мұнайды тасымалдау 2006 жылы басталды.

Мұнай өткізу қабілеті жылына 100 млн. тонна болатын Кеңқияқ-Құмкөл мұнай құбырын салу жобасын жүзеге асыру Қазақстан – Қытай мұнай құбырының құрылысы жобасының 2-ші кезеңінің бірінші кезегі болып табылады және Қытай Халық Мұнай Корпорациясы және «ҚазМұнайГаз» Ұлттық Компаниясы» акционерлік қоғамы арасындағы 2006 жылдың 20 желтоқсанындағы «Қазақстан – Қытай мұнай құбырының екінші кезеңін салудың негізгі қағидаттары туралы Келісімге» сәйкес, қытайлық тараптан ҚҚҚ ЖШС күшімен тепе-тең негізде жүзеге асырылды.

Ұзындығы 794 км, диаметрі 813 мм Кеңқияқ-Құмкөл мұнай құбыры Қазақстан Республикасының Ақтөбе, Қызылорда және Қарағанды облыстары арқылы өтеді. Мұнай құбырының алғашқы кезегінің өткізу қабілеті жылына 20 млн. тоннаға дейін ұлғайтумен жылына 10 млн. тоннаны құрайды. Жобаны қаржыландыру қытай тарапының кепілімен қарызға қаржыландыру жолы арқылы жүзеге асырылды. Кеңқияқ – Құмкөл мұнай құбыры бойынша мұнайды тасымалдау 2009 жылы басталды.

Екінші кезеңнің 2-ші кезегінің шеңберінде Қазақстан – Қытай тасымалдау жүйесінің қуаттылығын Атыраудан Алашанькоуға дейін барлық учаскелер бойынша, экспорттық қуаттарды өсіру қажеттілігінің және ішкі нарықтың талаптарының артуына қарай кезең-кезеңімен 20 МТГ-ға дейін ұлғайту жобаланады.

Қазақстан – Қытай мұнай құбырының екінші кезеңінің 2-ші кезегіне келесілер енеді:

  1. Атасу – Алашанькоу мұнай құбырының өткізу қабілетін 20 МТГ-ға дейін ұлғайту – 2013 жылдың желтоқсанында аяқталды.
  2. Кеңқияқ – Атырау мұнай құбырын 12 МТГ-ға дейін реверстеу және ұлғайту.
  3. Кеңқияқ – Құмкөл мұнай құбырын 20 МТГ-ға дейін ұлғайту.
  4. Құмкөл – Атасу мұнай құбырының учаскесін қайта құру және ұлғайту.

2014 жылдың қорытындылары бойынша Қытай бағытында мұнайды экспорттау 11,7 млн. тонна мұнайды құрады.


Каспий Құбыр Консорциумын ұлғайту жобасы

Қазақстандық мұнайдың экспорттық жеткізілімдерінің басым бағыттарының бірі болып табылатын Каспий Құбыр Консорциумы мұнай құбырын 2011 жылы пайдалануға енгізу Қазақстанның мұнай өнеркәсібінің тарихындағы маңызды оқиға болды.

Ұзындығы 1510 км КҚК мұнай құбыры Қара теңізде (Новороссийск порты маңында) «Тенгиз» кен орны мен «Оңтүстік Озереевка» мұнай терминалын қосады. 2014 жылы КҚК жүйесі бойынша мұнайды тасымалдау көлемі 40 млн. тоннаны, оның ішінде қазақстандық мұнайдың – 35,2 млн. тоннасын құрады.

КҚК жобасының қатысушылары: РФ Үкіметі («Трансмұнай» АК» ААҚ) – 24%, ҚР Үкіметі («ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ) – 19%, «Компани» КҚК (РФ) – 7%, өндіретін компаниялар: «Шеврон КаспианПайплайн Компания Консорциумы» – 15%, «Лукарко Б. В.» (әрі қарай – Лукарко) – 12,5%, «Мобил Каспий Құбыр Компаниясы» – 7,5%, «Ресмұнай-Шелл КаспианВенчурс Лимитед» – 7,5%, «Эни Интернешнл» (Н. А.) Н. В. С. ар. л.» – 2%, «БГ Оверсиз Холдингс Лимитед» – 2%, «Қазақстан ПайнплайнВенчурс ЖШК» (әрі қарай – «ҚПВ») – 1,75% және «ОриксКаспианПайнплайн Лтд» – 1,75%.

Тенгиз және Қарашаған кен орындарында мұнай өндіру көлемін арттыру және Қашаған кен орнын жоспарланатын пайдалануға енгізу жағдайында КҚК жобасының өзекті мәселесі болып мұнай құбырының өткізу қабілетін арттыру табылады.

2010 жылдың 15 желтоқсанында КҚК акционерлерімен КҚК Ұлғайту жобасы бойынша инвестициялар туралы соңғы шешім қабылданды. Қабылданған шешім шеңберінде Ұлғайту жобасының қаржы-экономикалық және техникалық параметрлері, сондай-ақ өнеркәсіптік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау мәселелері де анықталды. Жоба КҚК мқнай құбырының өткізу қабілетін 28,2 млн.т./жылдан 67 млн.т./жылға, соның ішінде қазақстандық учаскеде 52,5 млн.т./жылға дейін арттыруды көздейді.

2011 жылдың 1 шілдесінде Атырау қ. Ұлғайту жобасы бойынша құрылыс жұмыстарының басталу рәсімі өтті. Ұлғайтуды үш кезеңде, Жобаны 2016 жылға қарай толық аяқтау жоспарланады.


«Қазақстан – Қытай» магистральды газ құбырын салу («А, В» тізбегі)

Қазақстан Республикасының транзиттік әлеуетін жоғарылату және қосымша табыс алу мақсатында «ҚазТрансГаз» АҚ «Қазақстан – Қытай магистральды газ құбырын салу (1-ші учаске)» инвестициялық жобасын жүзеге асырады.

Жоба Қазақстан Республикасы және Қытай Халық Республикасы Үкіметтерінің арасындағы 2007 жылдың 18 тамызындағы «Қазақстан – Қытай» газ құбырын салуда және пайдалануда ынтымақтасу туралы Келісімнің негізінде жүзеге асады.

Жобаны жүзеге асыру мақсатында 2008 жылдың ақпанында тең үлесті негізде құрылтайшылары «ҚазТрансГаз» және «TAPline» (КХР) компаниясы болып табылатын «Азия Газ құбыры» ЖШС жобалық компаниясы құрылды.

Ұзындығы 1,3 мың км газ құбырының бағдары Өзбекстан және Қазақстанның шекарасынан басталады, Қытаймен шекараға дейін (Қорғас қ.) үш облыстың (ОҚО, Жамбыл және Алматы) аумағы арқылы өтеді. Газ құбырының өткізу қабілеті – жылына 40 млрд текше м., оның ішінде 30 млрд текше м. газдың КХР-на транзиті үшін және 10 млрд текше м. Қазақстан Республикасының ішкі тұтынысы үшін.

Ағымдағы ахуал:

А және В тізбектері бойынша барлық негізгі объектілер 2012 жылдың аяғына қарай пайдалануға енгізілді. Осылайша, өндірістік қуат 30млрд.м.3./жыл болуына қол жеткізілді;

Оперативті деректер бойынша 2009 жылдың желтоқсанынан 2015 жылдың 15 маусымы аралығында газ құбырының екі тізбегі арқылы Қытай бағытында транзиттік ортаазиялық газдың 108 млрд. м3 астамы тасымалданды.


«Қазақстан – Қытай» магистральды газ құбырының қуаттылығын арттыру («С» тізбегі)

2011 жылдың 27 шілдесінде «Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметінің арасындағы 2007 жылғы 18 тамыздағы Қазақстан – Қытай газ құбырын салуда және пайдалануда ынтымақтастық туралы Келісімге өзгертулер және толықтырулар енгізу туралы» №2 Хаттамаға қол қойылды, оған сәйкес Тараптар «Қазақстан – Қытай» МГ алғашқы учаскесінің қуатын жылына 25 млрд.м3 болатындай арттыруды жүзеге асыруға келісті, оның жылына 20 млрд.м3-і қытайлық тараппен түрікмен және өзбек газын КХР-на транзиттеуді жүзеге асыру мақсатында, ал жылына 5 млрд.м3-і қазақстандық тараппен ҚР ішкі нарығының газға деген қажеттілігін, сондай-ақ КХР-на мүмкін болатын газ экспортын қамтамасыз ету мақсатында пайдалануға арналған.

2011 жылдың 26 қыркүйегінде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «ҚазТрансГаз» АҚ және «TAPline» компаниясы арасында Қазақстан – Қытай газ құбырының алғаншы учаскесінің «С» тізбегін жобалауды ұйымдастыру, қаржыландыру, салу және пайдаланудың негізгі қағидаттары туралы Келісімге қол қойылды.

Ағымдағы ахуал:

Қазіргі уақытта желілік бөлік бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталды. 2014 жылдың 30 мамырында жұмыс комиссиясы жүргізілді. 2014 жылдың 15 маусымында қосу-реттеу жұмыстары басталды. 2014 ж. тамызында Серіктестік құбырішілік диагностиканы жүргізуді бастады. Оперативті деректер бойынша 2014 жылдың тамызынан бастап 2015 жылдың 15 маусымына дейін қосу-реттеу режимінде газ құбыры арқылы Қытай бағытында транзиттік ортаазиялық газдың шамамен 4,6 млрд. м3-і тасымалданды.


«Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбырының құрылысы

Республиканы энергетикалық қауіпсіздікпен, Қазақстанның оңтүстік аймақтарындағы тұтынушыларды сенімді газбен қамтамасыз ету және қазақстандық газ экспортын әртараптандыру мақсатында 2007 жылдың 18 тамызындағы Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан-Қытай газ құбырының құрылысы және пайдалану туралы Келісім негізінде 2011 жылы«Бейнеу-Бозой-Шымкент газ құбырының құрылысы» жобасын жүзеге асыру басталды.

Жобаны жүзеге асыру мақсатында 2011 жылдың қаңтар айында «Бейнеу – Шымкент, Газ құбыры» ЖШС құрылды, «ҚазТрансГаз» АҚ және «TAPLine» компаниясы (ҚХР) аталған серіктестіктің теңүлесті құрылтайшылары болып табылады.

Жоба 1 454 км ұзындықтағы өткізгіштік қабілеті жылына 10 млрд м3, кең көлемде 15 млрд м3 мүмкіндікті құрайтын газ құбырының құрылысын жоспарлауда.

Ағымдағыжағдай:

2013 жылдың 2 желтоқсанында мемлекеттік қабылдау комиссиясымен «Бозой-Шымкент», ГИС «Бозой» учаскенің желілік бөлігін пайдалану туралы Актке қол қойылды.

Жедел мәліметтер бойынша 2013 жылдың желтоқсанынан 2015 жылдың 15 маусымына дейін көрсетілген газ құбырының учаскесі бойынша 1,8 млрд м3 газ тасымалданған.

Трасса бойы жолдарында, РЭУ және ВП құрылыс жұмыстары жалғасуда.

«Бозой» КС, «Қараөзек»КС, SCADA жүйесінің және телекоммуникациялардың жобалауы, жеткізу және құрылыс жұмыстарының Шартына қол қойылған.


Алматы қаласында автокөлікті қайта жарақтандыру бойынша 5 АГТКС және ТҚКС құрылысы.

2010 жылы инновациялық даму аясында, сонымен қатарАлматы қаласының экологиясын жақсарту мақсатында «ҚазТрансГаз» АҚ «BG» компаниясымен бірлескен түрде және Алматы қаласының Әкімдігімен компримирленген табиғи газ негізіндегі автокөлік тасымалының сынамалық жобасы жүзеге асырылған.Аталған жоба бойынша муниципалдық автопарктың 200 автобусына қызмет көрсететін автомобильдік газтолтырушы компрессорлық станция пайдалануға берілді

2011 жылы «ҚазТрансГаз» АҚ Алматы қаласындағы қосымша 5 АГТКС құрылысы бойынша жобаны жүзеге асыруға кірісті.

2011 жылдың мамырында «ҚазТрансГаз Өнімдері»ЖШС (50%) және «KOLON Corporation» (50%, Оңтүсік Корея)компаниясының бірлескен «АвтогазАлматы» ЖШС құрылып, жобалық құрылыс-жөндеу жұмыстарына кірісті.

Ағымдағы жағдай: Төрт АГТКС пайдалануға берілді.


ҚР қазіргі МӨЗ жаңарту

«Атырау МӨЗ ароматты көмірсутектерді өндіру кешенінің құрылысы» Жобасы

Жоба мақсаты:

  • Бензол және параксилол – жоғары қосылған құны бар өнім өндіру.
  • Кедендік одақтың Техникалық регламентінің талаптарына сәйкес, К3 класының моторлы жанармайын шығаруды қамтамасыз ету.
  • Зауыттың балансты қуаттылығын жылына 5 млн.тоннаға дейін арттыру.
  • Атмосфераға ластаушы заттарды шығаруды азайту есебінен қоршаған ортаға зиянды әсерді кеміту.

Жүзеге асыру кезеңі: 2010 – 2015 жылдар.

Жоба құны: 1040 млн.$ (ЕРС-келісім-шарт).

Жоба қатысушылары: «SinopecEngineeringGroup» (ҚХР) компаниясымен ЕРС-келісім-шарт.

Ағымдағы жағдай:

Алғашқы іске қосу кешені бойынша құрылыс-жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды.

Іске қосу-реттейтін жұмыстар аяқталуда. 100 пункттен аса октан саны бар риформат – алғашқы сынамалық партия алынды.

РХ құруда жабдықтың, құбыржелілерінің, металлоконструкция жөнделуі (100%) аяқталды. БӨҚмА жөндей және электрожөндеу жұмыстары аяқталу кезеңінде. Іске қосу-реттейтін жұмыстар басталды.

КПА объектілерін пайдалануға берудің жоспарлы мерзімі – 2015 жылдың 3 тоқсаны.


«Атырау МӨЗ мұнайды терең өңдеу кешенінің құрылысы» Жобасы (ИИДМБ аясында жүзеге асырылуда)

Жоба мақстаы:

  • Мұнай өңдеу тереңдігін арттыру.
  • Кедендік одақтың Техникалық регламентінің талаптарына сәйкес, К4, К5 класының моторлы жанармайын шығаруды қамтамасыз ету.
  • Зауыттың қуаттылығын жылына 5,0 көлемінен 5,5 млн. тоннаға арттыру.

Жүзеге асыру кезеңі: 2012 – 2016 жылдар.

Жоба құны: 1 680 млн.$ (ЕРС – келісім-шарт)

Жоба қатысушылары: «SinopecEngineeringGroup» (ҚХР)/ «MarubeniCorporation» (Жапония)/ «ҚазҚұрылысСервис» (ҚР) бірлестігі ЕРС- келісім-шарт

Ағымдағы жағдай:

2011 жылдың 29 желтоқсанында «SinopecEngineeringGroup» (ҚХР)/ «MarubeniCorporation» (Жапония)/ «КазСтройСервис» (ҚР) мердігерлерінің бірлестігімен ЕРС-келісім-шарты бекітілген.

2015 жылдың 10 маусымындағы жағдай бойынша:

  • жұмыс құжаттамаларының әзрлігі 70%-ға орындалған;
  • 53 құрылыс аймақтарында құрылыс-жөндей жұмыстары жүргізілуде: бағаналарды қағу, аудандарды жоспарлау, іргетас жайландыру, гидрооқшаулық жұмыстары, жер асты құбыр желілерін, темір бетон бағаналарды, металлоконструкцияларды жөндеу жұмыстары жүргізілуде;
  • 1206 бірлікке ұзақ мерзімді дайындауы бар ірі габаритті жабдықтарды жеткізу тапсырысы берілді.
2015 жылға жоспарланған іс-шаралар:
  • егжей-тегжейлі жобалауды аяқтау – қыркүйек 2015 жыл;
  • 40% көлемде технологиялық жабдықтарды жеткізу – желтоқсан 2015 жыл;
  • 20% көлемде технологиялық жабдықтарды жөндеу–желтоқсан 2015 жыл.


«Шымкент МӨЗ жаңарту және қайта құру» Жобасы (ИИДМБ аясында жузеге асырылуда)

Жоба мақсаты:

  • жобалық қуаттылықты жылына 6 млн тоннаға дейін мұнай өндіруді қалпына келтіру;
  • Кедендік одақтың Техникалық регламентінің талаптарына сәйкес, К-4, К-5 класының моторлы жанармайын шығаруды қамтамасыз ету;
  • Мұнау өңдеудің тереңдігін арттыру.

Жүзеге асыру кезеңі: 2011 – 2016 жж.

Жоба құны: 1 829 млн. АҚШ долл.

Жоба қатысушылары: «Петроқазақстан Ойл Продактс» ЖШС/СРЕСС

Жоба екі кезеңде жүзеге асырылады:

  1. Кезең–К4, К5 экологиялық кластар талаптарына сәйкес өнімдерді шығаруды қамтамасыз ету үшін ЖЗШ объектілері мен жаңа технологилық қондырғылардың құрылысы.
  2. Кезең–жылына 6,0 млн тоннаға дейін қуаттылыққа жету және мұнайды өңдеу тереңдігін арттыру үшін ЖЗШ объектілері мен жаңа және қазіргі технологиялық қондырғыларының жаңарту.

Ағымдағы жағадайы:

1 Кезең бойынша:

  • ЖЖ ГТ қондырғысы бойынша құрылыс-жөндеу жұмыстары аяқталды, жұмыч комиссиясы актісіне қол қойылған.
  • күкірт өндіру қондырғысында механикалық аяқтау жүзеге асырылған, қызметкерлерді оқыту және пайдалану құжаттамалары әзірлемесі жүргізілуде, іске қосу-реттейтін жұмыстар орындалуда;
  • изомеризация жәнеқондырғы бойынша 38% жұмыс құжаттамасы әзірленген. Ұзақ мерзімді дайындау құрылғысына 150 ден 133 бірлік тапсырыс берілген. Құрылыс алаңының дайындығы орындалды әрекеттегі жер асты коммуникациялардың тасымалы жүзеге асырылды. Жабдықтар асты іргетастарының құрылуы, сегментті жабдықтың жинастырылуы және жабдықтарды дайындауға және жеткізуге тапсырыс беру жүзеге асырылуда.

2 Кезең бойынша

  • ЖСҚ әзірлеу аяқталды;
  • 2015 жылдың 16 қаңтарында 2 Кезеңді жүзеге асыруға ЕРС-келісім-шартына қол қойылды.
  • Жобаны жүзеге асыру барысында ЖЗШ объектілерін қоса алғанда ТЭН және ЖСҚ түзету қажеттіліктері анықталды, ол түзетусіз технологиялық кешенді пайдалану мүмкін емес. 2015 жылдың 3 ақпанында «Мемсараптама» РМК қарауына ТЭН материалдары берілді, «Мемсараптама» РМК » қорытындысынан кейін ТЭН түзетулері бойынша, түзетілген ЖСҚ материалдары «Мемсараптама» РМК» жолданды.


«Павлодар мұнайхимиялық зауытын жаңарту» Жобасы (ИИДМБ аясында жузеге асырылуда)

Жоба мақсаты:

Кедендік одақтың Техникалық регламентінің талаптарына сәйкес, К4 класының моторлы жанармайын шығаруды қамтамасыз ету.

Жүзеге асыру кезеңі: 2011-2016 жылдар.

Ағымдағы жағдай:

  • батыс стандарты бойынша ЖСҚ әзірлеу аяқталды, ЖСҚ ҚР нормалары мен стандарттарына бейімдеу жүргізілуде;
  • жұмыс құжаттамаларының әзірленуі жүзеге асырылуда;
  • изомеризация жәнесплиттеранафттар қондырғылары үшін 100% көлемде тапсырыс берілген;
  • уақытша ғимараттардың құрылысы, жұмыс бағаналарының қондырғылары бойынша жұмыстар аяқталды, діңгектерді құрастыру алаңдарының құрылысы, изомерлеу және сплиттеранафттар қондырғыларына арналған діңгек асты іргетастарын бетондау жұмыстары орындалды, жер қазу жұмыстары жүзеге асырылуда.

KMG International N.V. («Rompetrol Group N.V.»)

2007 жылы «ҚазМұнайГаз» Ұлттық Компнаиясы» АҚ KMG International N.V. (бұған дейін «RompetrolGroup N.V.») акцияларының бақылау пакетіне қол жеткізді және әрі қарайғы мұнай өңдеу қуаттылықтардың өнімділігін ұйымдастыруға айтарлықтау инвестициялау, логистикалық инфрақұрылымды және бөлшек желіні кеңейту компанияға Орталық Азия ресурстарын Еуропаның келешекті нарықтарымен байланыстыратын «энергетикалық көпір» мәртебесіне ие болуға мүмкіндік берді.

«KMG International N.V.» компаниясы 12 елде 7 000 астам қызметкерлері бола отырып, Бухарест қаласындағы (Румыния) бас офиспен Нидерландыда тіркелген, өзінің негізгі қызметін Румынияда және Қара теңіз бен Жерорта теңізі бассейндерінде жүзеге асырады. Компания тобы KMG International бірыңғай брендімен мұнай өңдеу, мұнай және мұнай өнімдерінің маркетингімен, сонымен қатар өндірістік қызметтер көрсету саласында қызметтерді жүзеге асырумен айналысады.

Румынияда KMG International әлдеқайда технологиялық МӨЗ ие елде – Қара теңізде, Констанца уезінде орналасқан МӨЗ «Petromidia». НПЗ «Petromidia» қуаттылығы жылына 5 миллион тоннаны құрайды. Қара теңіз жағасындағы стратегиялық орналасуы мұнайды және мұнай өнімдерін жылдам тасымалдауға мүмкіндік береді, ол өз кезегінде МӨЗ «Petromidia» маңызды аймақтық торап ретінде танытады, ал KMG International - мұнай және мұнай өнімдері нарығындағы ірі аймақтық ойыншылардың бірі болып саналады.

Еуропада KMG International Румыния, Молдова Республикасы, Болгария, Грузия, Франция және Испания сияқты 6 елде «Rompetrol» және «Dyneff» жетекші брендімен 1 100 ден аса жанармай сату пунктімен таралған. Компания өзінің Франциядағы, Испаниядағы және Швейцариядағы «Dyneff» және KMG Trading AG еншілес компаниялары арқылы халықаралық нарықтағы трейдингті операцияларды жүзеге асыруда.


Сервистік жобалары

«Теңізшевройл» ЖШС үшін бұрғылау бойынша қызмет көрсетуге арналған бұрғылау қондырғысын алу» Жобасы

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен «Теңізшевройл»ЖШС арасындағы өзара түсіністік туралы Меморандун аясында инвестициялар жәрдем мақсатындағы ынтымақтастық туралы, оқыту және дайындау, сонымен қатар Қазақстан Республикасындағы жұмыспен қамту бойынша Қазақстан Республикасында Болашақ кеңею Жобасы мен «Теңізшевройл» ЖШС сағалық қысыммен басқару Жобасын жүзеге асыру арқылы 14.11.2013 жылдан № 1228 бастап, KMG Drilling&Services и NaborsDrillingInternational - «KMG NaborsDrillingCompany» ЖШС арасында «Теңізшевройл»ЖШС бұрғылау бағдарламасын жүзеге асыру үшін бірлескен кәсіпорны құрылды.

2015 жылдың 21 сәуірінде «KMG NaborsDrillingCompany»ЖШС бірлескен кәспорынын құру туралы шартқа қол қойылды. Жаңа бірлескен кәсіпорын ағымдағы жұмыс бағдарламасы аясында Теңіз кен орнында бұрғылау жұмыстарын жүзеге асыратын болады, сонымен қатар Болашақ кеңею Жобасы бұрғылау секторының дамуына әсер етеді, тәжірибені, Nabors басқару мен технология жүйесін қабылдауға, жергілікті құрамды арттыруға, әлемдік үздік тәжірибеге сәйкес келетін бұрғылау қызметін көрсету аясында жоғары біліктілікті кадрларды оқытуға мүмкіндік береді.


Бақылау-өлшеу аспаптары мен технологиялыұ процесстерді басқару және бақылаудың автоматтандырылған жүйесінің өндірісі мен сервисі саласында бірлескен кәсіпорындар құру.

«ҚазМұнайГаз» ҰҚ АҚ «KMG Systems&Services» ЖШС мен «SchneiderElectric» компаниясы еншілес ұйымдарының тұлғасында , өнеркәсіптік автоматтандыру мен энергия басқару саласында әлемдік көшбасшылардың бірі бола отыра, бірлескен «KMG Automation» ЖШС кәсіорнын құрды. Жаңа бірлескен кәсіпорын жергілікті кадрларды пайдалана отырып, Қазақстаның әртүрлі өнеркәсіптік саласы үшін және , ең алдымен, мұнай газ кешені үшін әлемдік деңгейдегі технологиялық процестерді автоматтандыру бойынша жобаларды өңдеп, жүзеге асыруды жоспарлауда.

Бірлескен кәсіпорынның негізгі мақсаты жергілікті кадрлық әлеуеттің дамуы және Қазақстандағы өнеркәсіптік автоматтандыру саласындағы жергілікті жинау жүйесінің, бағдарламалық қамсыздандыру және энергияны басқару жұмыстарын күшейту болып табылады. Күтіліп отырғандай, «KMG Automation» отандық өнеркәсіптегі өндірістің тиімділігін және қауіпсіздігін арттыру бойынша басты шешімдерімен қамтамасыз ететін болады.


«Құрық а. кеме жасайтын/кеме жөндейтін зауыттың құрылысы» Жобасы.

2014 жылдың 16 мамырында «ҚазМұнайГаз» ҰҚ АҚ мен «ENI» компаниясы арасында «Судоверфь» жобасы бойынша екінші кезеңдегі ынтымақтастық туралы Келісімге қол қойылды, соның негізінде екі компания жобаны жүзеге асырудың негізгі коммерциялық және техникалық шарттарын келісті.

Қазіргі сәтте жоба бойынша жобалық-сметалық құжаттамалар әзірлеу жұмыстары жүзеге асырылуда.


«Маңғыстау облысында мұнай газ жабдықтарын өндіру бойынша Индустриалды кешен құрылысы» Жобасы

2014 жылдың 8 қаңтарында «ҚазМұнайГаз» ҰҚ АҚ мен Ұлттық Қытау Мұнайгаз Корпорациясы арасында Маңғыстау облысында мұнай газ жабдықтарын өндіру бойынша жиектемелі Келісімге қол қойылды. Жобаның мақсаты – «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ (әрі қарай – ММГ) және басқа да мұнай өндіруші және мұнай газ жабдықтарының сервистік компанияларының өндірістік қажеттіліктерін қамтамасыз ету. ТЭН әзірлеу аяқталды


«Ақтауойлмаш» ЖШС

«ҚазМұнайгаз» ҰҚ АҚ ресейлік «Спутник Интеграция» ЖШҚ компаниясымен бірлесу арқылы «Ақтауойлмаш» ЖШС өндірістік кәсіпорны құрылды.

Жаңа бірлескен кәсіпорын негізінде жабдықтарды өндіру жекелей алғанда өлшеу жүйелері: АГЗУ (АТӨҚ), ММӨЖ, динамикалық жабдықтар: БҚСС, НПС, ДКС; сериялық блокты-модульдік өнімдер: БГ, БДР; энергетикалық жабдықтар; РУ, КТП өндіру жолға қойылды.

Бірлескен кәсіпорынның мақсаты мұнай- газ машина құрылысының дамуы, және жергілікті кадрлық әлеует болып табылады.


  • Ақорда ресми сайты
  • Cuba
  • Cuba
  • Cuba
  • ban6
  • Cuba
  • Cuba
  • Cuba
  • ban6
  • privatization.sk.kz
  • ban6
  • ban6
  • ban6
  • ban6
  • ban6
© «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ, 2014